БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЗАРЛЫҚ: "Алтын бауырсақ" ертегісі
Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты… ©




Ақнұр Тимур Джуринскийдің жұмыс орнына жеткен соң есіне Жәния Джуринская түсті. Дегенмен, ол үшін Көркем қыздай кәсіпкерлікті қолға алу бірінші орында еді. Бұл кәсіпті жыл бұрын бастаған Тимур цехті көрсетті. Цех орны әзірше Тимурдың үй жағында сарайда екен.

Ескі сарай ішінде Ақнұрдың тынысы тарылып, сыртқа шықты. Ом бху бхувах свах тат, сыртта да ашық аспан астындағы цех бар екен.

Ақнұрдың қызығушылығы оянғандай болды. Дегенмен, оның іздеп келгені басқа мәселе еді. Тимур да телебезерге шығамын деген оймен өзінің бәдік әңгімесін сапыра жөнелді:

Ақнұрдың ішіне кіріп-шықпаған Тимур әңгімесін жалғастырды:


Ақнұрға таң қалуға болады. Ол сыртқа шықты да, жаңа салынып жатқан үйлерге көз жүгіртті. Өзі де құрылыс жайын ойлап, армандай бастады. Немене, болмайды ме екен? Бұл да құрылысшы ғой.


Ақнұрдың бар ойы кәсіпкерлікте болды. Ол үй құрылысын қызықтаумен алаңсыз жүре берді. Тимурдың сөздері мына құлағынан кіріп, ана құлағынан шығып жатты.
Біздің қызымыз үй құрылысын сыртта тамашалап жүрген кезінде іште Құдайберген Бекіштің "Қуырмашын" сүймей-ақ тыңдайтын құрылысшы жігіт Зейнедин терезе салып жатты.

Асан мен Үсен елін табу үшін осы жерде жұмыс істеп жүр. Екеуінің де сынық ине мен пышақтың сынығын табатыны осы жер болса керек. Енді жақын жерден қазақтардың моласын тапса, елін табатын түрі бар. Молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады деген сандырақ санасын сан-саққа жүгіртеді әлі.

Ақнұр Бектеміс ойдың түбіне батып, терең тыныс ала бастады. Алтын бауырсақтың уайымы 1400 теңгенің Аквафор сүзгісінен өткен суын сепкендей басылды. Por favor!


Өзі үшін уайымға түскен Ақнұрымыз алды-артына қарамастан қашты. Қала шетіндегі саябаққа жақындады. Бұл саябақ «Саяжан» атанып кеткен еді. Қарадан шыққан KILYZAMAN -ның билігі кезінде бір ингуш шешеннің он үш жасар Саяжан деген қызы осы саябақ ішінде жоғалып кеткен болатын. Бірақ Ақнұр бұл оқиғаны, бұл мекенді білмейді, тек мен ғой әңгімелеп отырған.
Қызымыз саябақтан аман шыққан соң орталыққа жетейін деп автобусқа мінді. Жұрт толы жерде жаны жай табар деп үміттенді.
Қызымыз автобустан түскен сәтте әлем төңкерілгендей болды. Орталыққа саябақ ішімен қорыққан күйде өтіп, өзі әзер дегенде жетіп еді. Енді не болды? Торғай Атажанның әруағы жыққыр, қайтадан «Саяжан» саябағы шықты.

Бұл жолы Ақнұр Бектеміс… Әдетте, бұл ертегіні Дулаттарға әңгімелеп берер болсаңыз, мына шежірені тарқата қисайып, масайраған күйде айтыңыз. Шапыраштыларға бұл әдіс сәйкес келмейді. Сөйтіп, Дулаттарда Шымыр деген бір атасы бар екен. Шымырдың өзі үш атаға бөлінеді: Бекболат, Шынқожа, Темірболат. Бекболаты сан жағынан көп екен: Жиенбай, Толмәмбет, Жиенбет, Шілмәмбет, Бестерек. Жиенбайда екі-ақ ұл болған екен: Жаңабай мен Шажыт. Жаңабайдан бес ұл тараған: Шоқан, Күлтемір, Айтқұл, Шөже, Сырлы. Ал Шажыттан үш ұл туады: Байқан, Бектеміс, Сәмбет. Дулаттардың қалған аталарын Албандардың тойында тарқата жатармыз. Міне, Ақнұр Бектеміс осы Шажыттың Бектемісіндей болса, бәлкім, есінен танып, қара жерге еркін құлау үдеуінің көрсеткіші 985 см/сек2 болмас па еді. Бізге бұл құбылыс беймәлім, бірақ Ақнұрдың санасында мынадай естеліктер кадры жүріп жатты:

Бұл басқатырғыштың сұрақтары мынандай еді: 1. Адамның өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі. 2. Кәсіпкерлікті, сауда-саттықты ағылшындар қалай айтады? 3. Сон Паскальдің ата-әжесі бұл сөзді Ресейде «подпись» деп айтады. 4. Қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы бағдарламаларға, инновациялық жобаларға құю. 5. Тауар өндірушілердің күресі. 6. Іс-әрекет жасауға бағыт беретін нұсқаулар жиынтығы. 7. Үй шаруашылығын жүргізу өнері. 8. Бағаның өсіп, тауар тапшылығы мен оның сапасының төмендеуінен болатын ақшаның құнсыздануы. 9. Шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдер жүйесі.
Әрі қарай

"ҚАЗАҚСТАН" ТЕЛЕАРНАСЫ
AKA тоғай ішіндегі үйіне мырс-мырс күлген күйде кірді. Қарашаның қара суық мезгілі екенін есіңізге сала кетейін. Ақнұр Бектеміс сайттан алғыр «Ас мәзірі» сайтына кіріп, кеше ғана өзі жариялаған «Роллтон мен Big Bon по-доширакски» жазбасын оқыған бойда плазмалық «Рекорд» телебезерін қосты. Құдайдың бере салған жалғыз "Қазақстан" телеарнасын ғана көрсетеді екен. Ақнұрдың мән бермегенін байқаған әлгі телебезері Нұр Отан партиясының кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламасын назарына ұсына қойды. Ақнұр қылқ ете кілт тоқтай қалды. Жападан-жалғыз қалғанда өзінен-өзі сөйлейтіні бар. Құрылысшы қызды үнсіздікке не нәрсе бойсұндырды екен, ә?! Телебезер Көркем Аблаеваның кәсіпкер атанғанын мақтана көрсетіп жатты. Ақнұрдың екі беті қызарды да қалды.
АКА-НЫҢ АШУЫ
Сөйтіп, біздің Ақнұр ашуға бой бергісі келмесе де, ертегі оқиғасының жалғасуы үшін ашуға бой алдырды. Тіпті, ашу-ызасының бойында буги-вуги билегенін түрінен де байқауға болады. Сонда біздің қызымыз не үшін ашуланды? Міне, Ақнұрдың ашуды жеңу үшін ас әзірлейтін қазақбайшылық әдеті бар еді. Бұл жолы қандай тағам дайындайды екен? Көркем екеуі әлгі трафигі толғыр сайтта адамзат дәмін көрмеген неше түрлі тағамдардың дайындалуын жазатын. Крейтервейс сорпасын да әзірлеген осы екеуі еді. — Кеше ғана ас дайындап жүрген Көркем қалайша кәсіпкер боп шыға келді? — деп, Көркем қыздың пісірген бауырсағын қарқылдап күлген түрде дайындай бастады. Расында, оған Көркемнің ойда жоқта кәсіпкер болғаны қызық көрінді. Қызғанбады да. Ақнұр үнсіз қалғанда менің тіліме сөз қайдан қонсын?!
АЛТЫН БАУЫРСАҚ
Ашуы тарқамаған Ақнұр осыншама пісірген бауырсағын жалғыз тауыса алмайтынын анық білді. Ескі ағаштан жасалған терезесінен басын шығарды да, "әппағым-әппағым, сендей жанды таппадым" деп бұлбұлша сайрайтын кәрі қарға арқылы VKM -ге осы шақтан әлдебір дыбыстарды: абракадабра, ақалай-мақалай сиқырлы сөздерін қайталау арқылы хат жолдады. Алқамшүкірін айтып, көзі түскен бауырсаққа енді ғана тырнақтарына Orly лагы жағылған қолын соза беріп еді: — Ақнұр Бектеміс, мені жеме! — деген дауысқа лезде сұлап түсті. Есін жиған соң, «дауыспен» сөйлесе бастады. — Мен — алтын бауырсақпын! Сен — құрылысшысың, — деді бауырсақ. Ашуына жүк болған бауырсақты қолына ұстаған сәтінде: — Мені жеме! Жеті шелпек болып кетпей тұрғанымда жеті тілегіңді орындауға әзірмін, — деп қыздың көңілін тапты. Ал бауырсақтың бұл әрекеті қазақтың қызға сөзі жүрмейтін жігіттеріне сын. Алайда қыз баласын мал секілді алып қашуды алтын бауырсақ сөз етпеді. Ақнұрымыз ақымақ емес, құрылысшы. Сондықтан Санта-Мария Нашенте мешітін салу оның арманы еді. Қызымыз да пенде ғой. Пендешілікке салынып, Көркемдей кәсіпкер болуды қалады. Бірақ бұл тілегі орындалмады. Неліктен дейсіз бе? Жалғыз қырсық себебі: VKM келді. Сол сәтті пайдаланып, бауырсақ та ашық тұрған терезеден аксель секіріс жасап қашып кетті.ТОҒАЙ ІШІ ДУ-ДУМАН
Алды-артына қарамастан қашып келе жатқан алтын бауырсақты бұрышта cannabis sativa шегіп тұрған Adiletshu тоқтатты. — Зомбилар ақылды мақұлық қой, — деді қарқылдап-күркілдеп. «Зомбидің қолын шауып, тісін қағып тастаса ешкімге зияны жоқ екен. Дәл солай жұмысқа сап қойса ешек сияқты еңбегі адал екен ғой жарықтықтың...» деп әңгімесін жалғай түсті. Бауырсаққа бұл кісінің тоқтамастан күле бергені ұнамады. Қашып құтылды. Алдынан кеше ғана Түркістаннан келген ErbolAliaskaruly шыға келді. Қарны әбден ашқан көрінеді. — Мені жеме! — дегеніне біздің Ерболымыз себебін сұрады. Әлбетте, бауырсақ ән айтты. — Мария Магдалина, чип-чип-чип! — деп ыңылдай бастағаннан-ақ әлгі балақай билеп, Күнсұлуын іздеп кетті. Бауырсақ бұған ашуланды. Әлі әндететін "Қызыл өрігі", «Бол жанымдасы», «Ақ маржаны» бар еді. Қамырын бір сілтеді де, жолын жалғастыра берді.АЛҚАШ ӘУЛИЕ ВАЛЕРИЙДІҢ АҚЫЛЫ
VKM Ақнұр Бектеміске көмектесе алмады. Сөйтіп, сыпырғысымен Өскеменге ұшып кетті. Құмалақ ашуға қарсылық білдіретін қызымыз амалсыз Әулие Валерийдің үйіне барды. Алқаш әулиеміз есік алдында шалқанды тартқылап жатыр екен. Бір кезде көмекке мысық сасыған алжапқышы бар баба Зина жүгіріп келді. Екеуінің де шамасы келмеді. Ақнұр болса жай ғана бақылап тұр. Мұсылманшылық жасап, көмектессе де болар еді-ау! Олар да ізгі христиандар. Үшінші боп шалқан тартысқа қызы Наташа ұйқыдан ояна салған түрімен қосылды. Күні бойы ашық-шашық жүретін Наташаның бұл тұрысына Ақнұр Бектеміс жиіркеніп қарады. Ал Ispek92 осы қызды көрген бойда артына кеп жабысты. Әлбетте, алқаш әулиеге қызына жабысқан күйі қол ұшын созды. Ит-мысығы да қосылып, сері жігіттің үстін бүлдірді. Шал шаруасы біткен соң, Ақнұрға алтын бауырсақты іздеуден бұрын үйіне пластик терезе салдыруын кеңес қылды. Әйтпесе, бауырсақ табылғанымен, терезеден қайта қашып кетеді. Өкінішке қарай, пластик терезе Ақнұрдың ауылынан табылмады. Валерий әкей Төретамда сондай кәсіппен айналысатын Тимур Джуринский бар екенін айтты. Ақнұр «Түркістан-Сексеуіл» пойызына отырып, Төретамға жол жүрді.ТИМУР ДЖУРИНСКИЙ

Ақнұр Тимур Джуринскийдің жұмыс орнына жеткен соң есіне Жәния Джуринская түсті. Дегенмен, ол үшін Көркем қыздай кәсіпкерлікті қолға алу бірінші орында еді. Бұл кәсіпті жыл бұрын бастаған Тимур цехті көрсетті. Цех орны әзірше Тимурдың үй жағында сарайда екен.

Ескі сарай ішінде Ақнұрдың тынысы тарылып, сыртқа шықты. Ом бху бхувах свах тат, сыртта да ашық аспан астындағы цех бар екен.

Ақнұрдың қызығушылығы оянғандай болды. Дегенмен, оның іздеп келгені басқа мәселе еді. Тимур да телебезерге шығамын деген оймен өзінің бәдік әңгімесін сапыра жөнелді:
Бұл кәсіптің басты ерекшелігі: айлықты күтпейсің. Бәрі де тапсырысқа байланысты. Ал қиыншылықтары: жасап берген соң қалай қолдану керектігін түсіндіріп бересің, бірақ сонда да қолдан қиратып тастайды. Бір жылға дейін кепілдік бар. Тапсырыс әр кезде әрқалай түседі. Қазір валютаның ойнауына байланысты қиыншылықтар көбейіп тұр. Бәрі ақшасын ұстап отыр. Жазда тапсырыс көбірек түседі. Қазір адамдар сапаға мән беретін болды. Негізі, кәсіп деген заман талабына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан әзірге бұл нәрсе керек. Ағаш терезеден айырмашылығы көп. Боямайсың, сырламайсың. Тек қана шаңын сүртіп аласың. Кез келген пластикалық материалың жетпіс жылға дейін жетеді. Пластикалық терезенің тек резеңкесі ауыстырылады. Сынса, терезесін ауыстыру керек.
АКА АҚАЙДА
Тимур Ақнұрға пластик терезенің қалай салынатынын, жалпы, жұмыс барысын көрсету үшін оны Ақайға ертіп әкетті. Тимурдың қарамағында Асан мен Үсен деген екі батыр бар екен. О баста отыз мың теңгеге жұмыс істеген екеуі бүгінде елу мың теңге айлық алады екен. Бәрінен бұрын Ақнұрға жаңа салынған үйдің құрылысы әсер етті. Тіпті, мұнда қайдан неге келгенін ұмытып та қалды. Қиялдаған күйі терең ойға шомып кетті.
Ақнұрдың ішіне кіріп-шықпаған Тимур әңгімесін жалғастырды:
Бізде терезелер Түркиядан келеді. Қазақстанда да шыға бастады. Алайда сырттың терезелері жақсырақ боп тұр. Түріктердің, немістердің, қытайлардың пластика терезелері бар. Айырмашылықтары бар: күнге сарғайып кететіні болады. Қытайлық терезелердің де жақсылары болады. Бәрі бірдей емес. Тапсырыс берушілер көбінесе жылы болсын дейді, жел соқпасын дейді.

Бәсекелестер бар. Бірақ бар деп қорқуға болмайды. Әркім өз жұмысын таза істесе, ешкімді алдамаса, жақсы шығады. Біз бәсекеден қорықпаймыз.Тимурдың мылжыңы ақыры Ақнұрдың зығырданын қайнатты. Бірақ Ақнұр бұл маңды бет алды тастап кете алмады. Алтын бауырсақтың да уайымы эндокарды бүріскен жүрегін мазалай берді. Аритмияға сәл-ақ қалған еді. Қажет кезінде электрокардиостимулятор да болмай қалды. Ақнұр Тимурдың мынадай сөздерінен соң сабасына түсті:
Мемлекеттен ақша бөлініп жатыр дейді. Бөлінсе бөлініп жатқан шығар, бірақ бізге жеткен жоқ. Біз барсақ, бізге анау дейді, мынау дейді. Мына жаққа жұмсайды, ана жаққа жұмсайды. Онымен айналысып жүруге уақыт жоқ. Жұмысты кім жасайды сонда? Терезенің шаруасы бір күнде біте қоймайды. Оны жинауың бар, салуың бар, тексеруің бар. Әуелі өлшемі алынады. Пластик терезенің зияны бар деп те естігем. Бірақ қарап отырсаң, жүз пайыз зиян емес нәрсе болмайды ғой. Барлық заттың плюс-минусы болады.

Ақнұрға таң қалуға болады. Ол сыртқа шықты да, жаңа салынып жатқан үйлерге көз жүгіртті. Өзі де құрылыс жайын ойлап, армандай бастады. Немене, болмайды ме екен? Бұл да құрылысшы ғой.

Шетелде пластик терезелерін қойып, қайтадан ағашқа көшіп жатыр деседі. Материалы тура осындай. Кепілдігі он жылға созылады екен. Бірақ ол бізде қымбат болады. Бұқараның тесік қалтасы көтермейді. Ақша бөлініп жатыр дейді, бірақ өз күшімізбен жұмыс істеп жатырмыз. DAMU-ға да барып көрдік, басқа да ұйымдарға бардық. Қыста тапсырыс аз болғанымен істеуге болады. Мен өзім соның мысалымын. Бұған дейін фирмаларда айлыққа жұмыс істедім. Ешбір жұмысқа алмады. Жұмыссыз жүрген соң осы кәсіппен айналыса бастадым.

Ақнұрдың бар ойы кәсіпкерлікте болды. Ол үй құрылысын қызықтаумен алаңсыз жүре берді. Тимурдың сөздері мына құлағынан кіріп, ана құлағынан шығып жатты.

Біздің қызымыз үй құрылысын сыртта тамашалап жүрген кезінде іште Құдайберген Бекіштің "Қуырмашын" сүймей-ақ тыңдайтын құрылысшы жігіт Зейнедин терезе салып жатты.

Асан мен Үсен елін табу үшін осы жерде жұмыс істеп жүр. Екеуінің де сынық ине мен пышақтың сынығын табатыны осы жер болса керек. Енді жақын жерден қазақтардың моласын тапса, елін табатын түрі бар. Молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады деген сандырақ санасын сан-саққа жүгіртеді әлі.

Ақнұр Бектеміс ойдың түбіне батып, терең тыныс ала бастады. Алтын бауырсақтың уайымы 1400 теңгенің Аквафор сүзгісінен өткен суын сепкендей басылды. Por favor!

АҚЗЕРЕНІҢ ӘРУАҒЫ
Кенет Ақнұрдың көз алдына Zere әруағы көрінгендей әсер қалдырды. Табиғаттың сылқым күші болар деп Ақнұр сабыр сақтай алмай, абдырап тұрып қалды.
Өзі үшін уайымға түскен Ақнұрымыз алды-артына қарамастан қашты. Қала шетіндегі саябаққа жақындады. Бұл саябақ «Саяжан» атанып кеткен еді. Қарадан шыққан KILYZAMAN -ның билігі кезінде бір ингуш шешеннің он үш жасар Саяжан деген қызы осы саябақ ішінде жоғалып кеткен болатын. Бірақ Ақнұр бұл оқиғаны, бұл мекенді білмейді, тек мен ғой әңгімелеп отырған.
Қызымыз саябақтан аман шыққан соң орталыққа жетейін деп автобусқа мінді. Жұрт толы жерде жаны жай табар деп үміттенді.
Қызымыз автобустан түскен сәтте әлем төңкерілгендей болды. Орталыққа саябақ ішімен қорыққан күйде өтіп, өзі әзер дегенде жетіп еді. Енді не болды? Торғай Атажанның әруағы жыққыр, қайтадан «Саяжан» саябағы шықты.

Бұл жолы Ақнұр Бектеміс… Әдетте, бұл ертегіні Дулаттарға әңгімелеп берер болсаңыз, мына шежірені тарқата қисайып, масайраған күйде айтыңыз. Шапыраштыларға бұл әдіс сәйкес келмейді. Сөйтіп, Дулаттарда Шымыр деген бір атасы бар екен. Шымырдың өзі үш атаға бөлінеді: Бекболат, Шынқожа, Темірболат. Бекболаты сан жағынан көп екен: Жиенбай, Толмәмбет, Жиенбет, Шілмәмбет, Бестерек. Жиенбайда екі-ақ ұл болған екен: Жаңабай мен Шажыт. Жаңабайдан бес ұл тараған: Шоқан, Күлтемір, Айтқұл, Шөже, Сырлы. Ал Шажыттан үш ұл туады: Байқан, Бектеміс, Сәмбет. Дулаттардың қалған аталарын Албандардың тойында тарқата жатармыз. Міне, Ақнұр Бектеміс осы Шажыттың Бектемісіндей болса, бәлкім, есінен танып, қара жерге еркін құлау үдеуінің көрсеткіші 985 см/сек2 болмас па еді. Бізге бұл құбылыс беймәлім, бірақ Ақнұрдың санасында мынадай естеліктер кадры жүріп жатты:
ОЯН, ҚАЗАҚ!
— Оян, қазақ! — деп орысша сөйлеген VKM бесін кезінде алма шырынын ішкен соң көз шырымын алған Ақнұр қызымызды оятты. Түрі бозарып, шошынып оянған еді. Сөйтіп, Малика көкесіне көрген түсін, алтын бауырсақты тәптіштеп түсіндіріп айтып берді. Жалпы, өмірде ешқандай «алтын бауырсаққа» сенім артпай, тек қана еңбектеніп өмір сүрудің маңызын түсініп, осыған сәйкес шешім шығарғандай болды. Шәйнекті қайнатып, екеуі дастархан басына жайғасты. Сол сәтте VKM сөмкесінен мына бір жапырақ қағазды шығара бастады:
Бұл басқатырғыштың сұрақтары мынандай еді: 1. Адамның өзіндік табыс алуға бағытталған дербес қызметі. 2. Кәсіпкерлікті, сауда-саттықты ағылшындар қалай айтады? 3. Сон Паскальдің ата-әжесі бұл сөзді Ресейде «подпись» деп айтады. 4. Қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы бағдарламаларға, инновациялық жобаларға құю. 5. Тауар өндірушілердің күресі. 6. Іс-әрекет жасауға бағыт беретін нұсқаулар жиынтығы. 7. Үй шаруашылығын жүргізу өнері. 8. Бағаның өсіп, тауар тапшылығы мен оның сапасының төмендеуінен болатын ақшаның құнсыздануы. 9. Шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдер жүйесі.


Мен тұратын үйдің сиқы осы. Жалғыз біздің ғана ауламыз көлікке толып тұрмайды. Пошта жәшігі әкімшілікке шағымдануым арқылы пайда болды. Көшенің сәнін газ құбыры келтіріп тұр. Ал екі үйдің ортасы қазіргі күнде тегін автотұраққа айналған. Біздің мұрынбоқ кезімізде бұл футбол алаңы болатын. Жігіттер оқуға кеткен соң алаңымыз алаңсыз солай қалды. Бұл күнде санаға деградация жасайтын бір сұрақ бар: адам өзгерген бе, әлде заман өзгерген бе? Әлбетте, мен де жауапсыз қалуды жөн көремін. Дегенмен, сізге сұрақ: біздің алаңда ауланың жүгермектері доп теппейді, ал алаң «баяғы жартас сол жартас» әлі. Қандай өзгеріс бар екен? Иә, мүмкін олар жасыл алаңда бұт терлетіп жүрген шығар.
Өзен жағалауының көрінісі осы. Әкімшіліктің бұл жерді жиыстыруға құлқы жоқ. Әй, әкімшіліктің осы отырысы дұрыс-ей! Жағалауды қоқысқа толтырған әкімшілік емес қой! «Сатурн». Кезінде кинотеатр болса, қазір тек мәдени іс-шаралар өтеді. «Дом пионеров». Әлбетте, пионерлердің заманы өткен. Мектеп оқушыларын жетпіс түрлі өнерге баулитын үй. «Луна» осыдан екі-үш жыл бұрын жабылды. Кезінде талай оқушының мас күйінде, ал жігіттердің тасқа түйінделген қайран зар заманы болған еді. Ал шіркеуіміз сонау ІІІ ғасырда өмір сүрген, Рим императоры Гай Авреелий Валеерий Диоклетианның тұсында басы шабылған мегагиперсупер азап шегуші Әулие Георгийдің атында.
Бәрі жек көретін ЦОН (ХҚКО). Мына еркек болса жүгіріп бара жатыр. Көк туымыз желбіреген орын — сот. Құдай сақтасын! «Титаник» кафесі тек жаздыкүн шілде болғанда орыстарға толады. Біздегі жұрт тұзды суы үшін мына құбырдың астына жата кетеді. Жым-жырт жағалауда жалғыз жүріп сергіп алдым.
«Орион». Бассейн. 2009 жылы 1 ақпанда ашылған мемлекеттік бюджеттік мекеме. Мекемеге «Олимпия» кафесі де тиесілі. Мұнда көбінесе балаларды жүзуге үйретеді. Сонымен қатар шейпинг те бар. Мекемеде 96 адамға арналған бассейн, дамбал кептіретін зал, он бес адамдық 2 жаттығу залы бар. Футбол алаңында еркектердің доп тебетінін көргем. Бірақ теннис алаңы «ескерткіш» үшін салынған-ау шамасы. «Десятилетие» стадионы «Маяк» спорт кешенімен қоса мемлекеттік бюджеттік мекемеге тиесілі «Байконур» спорт-сауықтыру кешеніне қарайды. Бұл кешен 2001 жылы 27 сәуірде құрылған. «Байқоңыр» кеден бекетінде тірі жанның бар-жоғы білінбейді. Байқоңыр әкімшілігінің бөлімшесінде тұрғындардың құжаттары рәсімделеді. Иә, сырттан келетін қаратабан «елім-айшыларға» да бір айлық уақытша құжат осы жерде дайындалады.
Орталық алаң. Ленин де әжем заманнан бері әлі тұр. Кейде «Центральная» қонақүйіне жол сілтеп тұрған шығар деген азғын ойлар сананы сан-саққа шапқылатады. Суретте шошқаның етін жейтін орыстың екі сары домалағы 24 сағат бойы сауда жасайтын «Космо» дүкеніне кіріп бара жатыр. Бұл дүкенге өзім кіріп көрмеппін. Бұл дүкеннің орны кезінде офицерлердің үйі болған деседі.
Екінші дүниежүзілік соғыста о дүниеге аттанғандардың құрметі үшін саябақтың кіреберісінде ескерткіш қойылған. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы Байқоңырдың бір шеті боп табылады. Ары қарай Жезқазғанға жол тартуға болады. Асықпаңыз, өкініштің үшінші дәрежесіне сәйкес әлі ондай жол салынбаған. Ал мұндағы атракционға бала-бақша көбінесе мереке күндері ғана келеді.
Циолковский атындағы мен оқыған №2 қазақ орта мектебі. Биыл шынымен де іші-сыртын жөнге келтірген. Директор әжейдің жасы жетпістен "қашып" бара жатса да, «тағынан» тұратын ниеті жоқ. Алжыды деген осы! Әй, не де болса, әбілхаят суын ішіп жүр-ау осы. Мектептің жанында қарттардың балабақшасы бар. Орыстар әке-шешелерін азанда әкеліп тастап, кешке әкетеді. Балаңа жасағаның алдыңнан шығады деген осы.
Аурухана жаққа (госпиталь) жол тарттым. Госпиталь дегенім, кезінде бұл жер әскери аурухана болған. Тіпті, кереуеттері де сол тоқсаныншы жылдардан қалған дүние. Осыдан алты-жеті жыл бұрын соқырішекпен осы жерге түскен едім. Кереуетте жазылған «Мордовия» жазуы әлі есімде. Жолдың арғы бетінде жетімнің үйіндей қазақтардың әскери комиссариаты бар. Жеті насырым жерге кіріп, бетіңіздің суы бес төгілетіні сөзсіз. Мұнда әскерге бару үшін де, бармау үшін де тиын-тебен төлейсіз. — Отан алдындағы борышыңды өтемейсің бе? — дейді өзі әскерге бармаған иығында «шені» бар еркек. Бұл жетім бұрышта дамбал киген жігіттердің күлкісінен микрофлорасымен қоса ағызып шайып кететін оқиғалар көбірек болады. Ауруханаға қарама-қарсы бетте перзентхана орналасқан. Иә, қандай керемет, үшқабатты ғимарат деп тамсануға болады. Тек асықпаңыз. Перзентхананың сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Ішінде лифт жоқ екен. Сөйтіп, әкімшілік түрлі себептерді негізге ала отырып, перзентхананың ашылуына рұқсатын бермеді. Қазақтардың бюджетті қалай тонағандарын әңгімеге қоспайын. Себебі бұл ғимараттың кірпіштері сонау 2007 жылдары қаланған еді.
Мәдениет сарайы. Міне, Қайрат Нұртасың да, Музартың да,
МАИ. Мәскеудегі авиациялық институттың филиалы. «Біз оқушы кезде бұның дәрежесі жоғары болатын. Қазақтан жылына бір-екі бала ғана оқуға түсетін. Ал қазір қазақтың ұл-қыздары өріп жүр. Шүкір, қазақтың білімі артқан екен», — деген ішкі монологым іштей тынды. Дегенмен, біздің колледждің мұғалімдері асханасы арзан деп осы МАИ-ға барады. Үшінші суреттегі ғимарат жұмыспен қамту орталығы ғой. Осы мекеме арқылы «Космос» колледжіне жұмысқа орналасқам. Мына қатынымыз Стелла емес, стела. "Ғылым және ғарыш" ескерткіші. №1 орыс мектебінің ғимараты ұнайды. Ғимаратта бөсіп жүр Таня, Катя, Машалар.
6 және 7-ықшам ауданды жалғап тұрған мына жолда «Ленинск» жазуы әлі күнге дейін тұр. Дұрыс, бұл — тарих! Қаланың бір бұрышы 7-ықшам ауданға тіреледі. Ары қарай: Ақай елді-мекені. Сәйкесінше, Ақайға осы ықшам аудан арқылы өтесіз. №14 мектептің кімнің атында екенін білмеймін. Бұл да қазақтардың жылап жүріп ашқан бір мектебі. Орыстар оңайлықпен рұқсатын бермеген еді. «Евразия» базары қазақтың қолында. Қаладағы мақтауға тұрарлық орта. Дәл қасында «Аяулым» мейрамханасы бар екен. 2009 жылы «Голливуд» клубы болып ашылған еді. Бастығы — қазақ. Сол жерде біздің түлектер бешірі болған. Есте қалғаны, темірді көрдім де, қызды көрмедім. «Гранд» маркеті бар деп бір молда қуанып келе жатса, дәл артында түнгі клубы тұрғанын көріп, мешітке №1 автобуспен тайып тұрыпты.
Орталықты Абай көшесі алып жатыр. Көшенің мұрны ҚР ІІД мекемесіне тіреледі. Ар жағы — Ақай, мына жағы — Төретам. Жалғыз кітапханада бірде-бір қазақша кітап жоқ. Нәтижесінде жақсы білім алып шығасыз. Себебі қазақ тілінде мұндағы кітаптарды таппайсыз. Екіншіден, ақпаратқа қарныңыз әбден ашып жүрген болар. «Астана» кафесі қалай ғана дағдарысқа ұшырамай жүргеніне таң қаламын. Орталық үлкен базарды өзіміз «дәу базар» дейміз. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің алды көлге айналды. Ал әскери бөлімшенің мына бір ғимараты солайымен тұр. Құлайтын түрі де жоқ. Біздің «Космос» колледжі сарбаздардан қалған осындай ғимарат қой.
Континентаралық қос сатылы сұйықтық… іһқэх-һэх-іэх! Межконтинентальная двухступенчатая жидкостная ракета легкого класса 15А15 (SS-17) главного конструктора М.К. Янгеля. Оһ, міне, енді дәл келді. Даманский аралында орыстар мен қытайлар қақтығысқа қата қалса да, бұл Даманский шағын ауданы қазақ пен қазақтың талай төбелесіне куә болған жер. Сырттан келген қаратабан қазақтар осы ауданда көп. Сондықтан алқаш Жәкеңнің Бәке-Сәкелерге "әкең!" деп тәжікені таңға дейін созатынын жиі көретін боласыз. Әуезов атындағы №6 қазақ орта мектебінің артындағы ашық жер қоқыр-соқырға жиналған. Тіпті, мектептің айналасы қоқыс боп жатыр. Байқоңырдың бір бұрышы осындағы шеткі үйлермен бітеді. Ар жағы шекара. Байқоңыр мен Төретамды осы қоршау бөліп тұр.
Білесіз бе, Қазақстан темір жолы арқылы Оңтүстіктен Батысқа қарай сапарға шықсаңыз, Байқоңырдың вокзалын таппай өтесіз. Жолсерік қатынға немесе қарынға теңгесін берсеңіз де, ол сізге тек Төретамның вокзалын көрсете алады. Мінген сасық пойызыңыз Төретамға жақындағанда қаланың картинасын көруіңіз сондай ғажап! Менің де айтпағым сол, Байқоңырға келу үшін жалғыз дүңгіршегі бар Төретамның вокзалынан 8 минут ішінде түсіп үлгеруіңіз керек. Ал мына сызба сіз үшін құпия карта болмақ.
Бұл коллажда екі суретке рентгенге түскен алақанымның суретін жабыстырдым. Біріншісі мен айтқан қорқынышты ортадан қалаға өтетін жол. Байқасаңыз, дуалдың жартысы жоқ. Ал екіншісі Ақайға алақайлап тартатын жол. Айтар ақылым, бұл жақпен Ақайға барып жүрмеңіз. Себебі бұл орын сонау тоқсаныншы жылдардан қалған өнеркәсіп орындары, сысысырыңа көк тігілгір!
Жалпы, қарашаның он төрті күні Төретамды толықтай бір айналып, суретке түсіріп шыққам. Сол үшін қолда бар алтынның қадірі болған Grand Duos-қа шектеулі алғысымды білдіремін. Сурет пен сөзге сүрінген болсаңыз, атамның әңгімесін тыңдап көріңіз:

















Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.
Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.
Керек болса, мінеки, сергіту сәті:
